• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №300

376 рет
көрсетілді

2016 жылғы 29 наурыз, Астана қаласы «Тартқыш жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің түрлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 625 бұйрығының КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Тартқыш жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің түрлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 625 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8663 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 305 (27579), «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Ә.ИСЕКЕШЕВ